Н.Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясындағы
2024-2025 оқу жылы бойынша мектепті дамыту бағдарламасы бойынша атқарылған
жұмыстар
ының анықтамасы

 

Басты мақсат:

Еліміздің экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін білімнің сапасын жоғары деңгейге көтеру, адами капиталды дамыту, жұмыс нәтижесін бәсекеге жарамды ету.

 

Бағдарламалық мақсаттар мен міндеттері бойынша атқарылған жұмыстар:

 

 1.Педагогтер сапалығын жоғарылату жәніндегі жұмыстар:

  • Педагог-сарапшы, зерттеуші, шебер санатына ие болған мұғалімдер үлесі жоспар бойынша жүзеге асырылды. Нақтырақ педагог-шебер санаты бар педагогтердің үлесі 0,6% дан – 1,2%-ға көтерілді. Педагог – зерттеуші санаты бар педагогтердің үлесі 30%–ға, педагог – модератор біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі 26%-ды құрады. Бұл өткен жылдармен салыстарғанда 2-3%-ға артты. Мектеп – гимназиядағы біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі қыркүйек айындағы тарификация бойынша -76%-ды құрап отыр.
  • Педагогтердің біліктілік арттыру курстарына кезең және жоспар бойынша жүзеге асырылды. Пәндік біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі 100% құрайды. Сонымен қатар қосымша білім көтеру курстарымен 80% педагог қамтылды.

  2.Менеджмент және мониторинг жетілдіру:

  • Мектеп әкімшіліктері үшін біліктілікті арттыру курстары жаңартылған бағдарламамен сәйкес 71%-ға жетті.
  • Жас мұғалімдерді тарту:
  • Жас педагогтердің үлесі 14%-ға жетті. Олармен жеке әдістемелік, тәлімгерлік және оқу бағыттары бойынша жұмыс бағыттары ұйымдастырылды.
  • Зейнеталды және зейнеткер педагогтердің үлесі 6% - құрады.

 

3.Әдістемелік  және зерттеушілік қызметтің сапалық нәтижесі

  • Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жеңімпаздар, жүлдегерлер (лауреаттар) – білім беру ұйымдары педагогтарының үлесі даму бағдарламасының жоспары сай 20% құрады. Оның ішінде «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық, облыстық және республикалық кезең жеңімпаздары, «Үздік авторлық бағдарлама-2024» сайысының жеңімпаздары, «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» қалалық, облыстық кезең жеңімпаздары, республикалық «ПедСтарт» байқауының жүлдегерлері бар.
  • Басылымдар бюллетенінде, журналдар, жинақтарда ғылыми-әдістемелік мақалалары, жұмыстары, тәжірибелері жарияланған мұғалімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артып жалпы мектеп педагогтерінің 32% түрлі деңгейдегі басылым беттеріне өзіндік тәжірибесімен бөлісті.
  • Педагогика ғылымының кандидаты (докторы) дәрежесі, магистр, PhD атағы бар педагогтер саны 11-ден 17-ге артып, жалпы мектепте ғылыми дәрежесі бар педагогтер үлесі 10 %-ды құрады.

 3.Орта білім беру мазмұнын жаңарту және Оқыту мен тәрбие берудің сапалы нәтижесі

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырған педагогтердің үлесі - 100% құрады. Өз тәжірибесінде критериальды бағалау жүйесін қолданатын педагогтер үлесі - 100%.
  • Бастауыш мектеп сатысы бойынша үздік бітірген бастауыш мектеп оқушыларының үлесі (4 класстың үздігі) -61%. Нақтырақ тоқталар болсақ 2 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 39, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 56. Бұл - 60% білім сапасы. 3 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 39, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 34. Бұл - 53% білім сапасы. 4 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 42, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 46. Бұл - 55% білім сапасын құрады.
  • Оқушылардың жалпы санынан үлгерімі «жақсы», «өте жақсы» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі(1-11)-58%. 5 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 30, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 44. Бұл - 47% білім сапасы. 6 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 29, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 51. Бұл - 45% білім сапасы. 7 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 17, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 46. Бұл - 44% білім сапасын құрады. 8 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 18, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 38. Бұл - 37% білім сапасы. 9 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 17, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 56. Бұл - 49% білім сапасы. 10 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 12, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 20. Бұл - 35% білім сапасын құрады. 11 сыныптар бойынша «өте жақсыға» аяқтаған оқушылар саны - 9, «жақсыға» аяқтаған оқушылар саны – 24. Бұл - 54% білім сапасын құрады.
  • Халықаралық, республикалық, аймақтық, /қалалық/ деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің (лауреаттарының) саны - Оның ішінде 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып оқушыларының пәндік олимпиада жеңімпаздарының саны – 60, оның ішінде қалалық және облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындар иемденді. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» және «Абай» олимпиадасынан -121 оқушы, Дарын ғылыми зерттеу байқауларынан – 3, «Зерде» ғылыми зерттеу байқауынан – 7, өзге ұлт өкілдеріне арналған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінен – 23 оқушы, «Ақбота» пәндік олимпиадасынан – 47 оқушы, қала және облыс деңгейінде ұйымдастырылған, қалалық тілдер бөлімі ұйымдастырылған, облыстық-өлкетану музейі ұйымдастырған және түрлі спорттық сайыстардан -25 оқушымыз жеңіс төрінен көріне білді. Сонымен қатар өнер сайыстарынанда оқушыларымыз халықаралық деңгейдегі сайыстардан жүлделі орын иеленді. Халықаралық, республикалық, аймақтық, /қалалық/ деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің (лауреаттарының) үлесі 20% құрады.
  • Жоғары даму дағдысы мен машығы бар және мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы дағды мен машықтың индикаторына сай балалардың үлесі – 100%.
  • Педагогтердің жалпы санынан «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығы бойынша жоғары білімі бар педагогтердің үлесі -100%. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» тобының саны – 2. Онда жұмыс жасайтын 2 педагогтің мамандыққа сай дипломы бар. Екінші педагог негізгі маман декреттік демалыстан келемін дегенше уақытша жұмыс атқарып отыр.

 4.АКТ қолдану

  • Педагогтердің kz электрондық оқыту жүйесін пайдалану үлесі - 100%. Bilim land электрондық ресурстарын келісім шарттың уақытылы жүргізілмеуіне байланысты оқыту үдерісінде қолданылмады. Отандық, халықаралық педагогикалық желілерге тіркелген, жұмыс жасайтын, блоггер ретінде жұмыс жасайтын педагогтердің саны – 0. 1 компьютерге келетін бала саны – 6. Кең жолақты Ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі - 100%. Оқыту үдерісінде қолдану үшін жинақтаған Электрондық ресурстар қоры бар педагогтердің үлесі(педагогтардың өздерінің электронды жинағы) - 1% құрады. Бұл даму бағдарламасындағы индикатор көрсеткішінен 1% арттық.

5.Қамқоршылық кеңес

Мектеп-гимназияда қамқоршылық кеңес құрамы құрылып, бекітілді.

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Б. Қозыбеков

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:  К.Асанова (зейнеткер ұстаз)

                                             Н. Боранбаева (ата-ана)

                                             І.Беркенова (кәсіпкер)

                                             Ш.Әбдікәрімов (бұқаралық ақпарат)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Е.Кулумбетов

Хатшы: Н. Сабырбекова

 

6.Материалдық-техникалық база

Кабинеттердің жалпы санынан жаңа модификациялық (химия, биология, физика, мультимедиалық кабинеттер үлесі -20%.

Пәндік кабинеттер үлесі-70%.

Мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орнының үлесі-30%.

 

7.Оқушылардың бойында "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру кешенді жоспары асында рухани-адамгершілік құндылықты және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

 

  • Білім беру ұйымындағы инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасау үлесі-100%.
  • Мектеп - гимназия оқушыларының жалпы санынан спорт секцияларына қатысушылардың үлесі - 65% құрады. Оның ішінде бокс, қазақша күрес, таэквондо, волейбол, баскетбол, гандбол, каратэ, дзюдо тағы басқа спорт түрлерімен айналысады.
  • Мектеп - гимназия оқушыларының жалпы санынан көркемдік, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен айналысатындардың үлесі - 35% құрады.
  • Жалпы білім беретін мектептегі спорт секцияларымен қамтылған білім алушылар үлесі, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт турнирлері (оқушылардың спартакиадасы және т.б.) - 35% құрады.
  • "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру кешенді жоспарын жүзеге асырудағы шаралар үлесі - 60%. Соның ішінде:

Қыркүйек айы 1-қыркүйек-Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты іс-шарамен басталды.

10 қыркүйекте жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аға инспекторы полиция майоры А.Осипов, жедел уәкіл Д.Бекбаев, полиция майоры Р.Бодыбаев учаскелік полиция қызметкерлері және директордын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Кулумбетовтың ұйымдастыруымен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында ең маңызды құқықтық ақпараттар мен жеке бас мүддесінің жауапкершілігі туралы анықтамалар берілді.

14 қыркүйек облыстық білім бөлімінің бастамасы бойынша 2024 жылы 1-сыныпқа қабылданған балалардың сынып жетекшілері мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен бірлесе отырып кездесу ұйымдастырылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»сөзін басшылыққа ала отырып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмаганбетова Г.К. және 1-сынып жетекшілері,даярлық тобы тәрбиешілері "Жаңа Қазақстанның жаңа тұлғасын бірге жасаймыз!"тақырыбында ұйымдастырған кездесудің басты мақсаты бүлдіршіндерге білім мен тәрбие саласында мектеп пен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту,тәжірибе алмасу, тиімді әрекеттермен ортақ мақсатқа қол жеткізу.Кездесуде қонақтар мен ұстаздар кофе брейк форматында танысты. Топтық жұмыс арқылы бала бақша мен мектеп даярлық топтарындағы балалардың қабілеттері жайында постер қорғалып,презентация жасалды. №14"Самал" балабақшасынан тәрбиеші Уралбаева Маржан, №4"Қуаныш" бала бақшасынан тәрбиеші Баданова Жанар өз тәжиребилерімен бөлісіп, баланың шығармашылдығын дамытудағы ортақ мәселлер бойынша пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар "Тілек шамы" тренингі арқылы алған әсерлері жайлы бөлісті.

17 қыркүйекте 8-11 сынып оқушыларымен «Саламатты мектеп» жобасы бойынша инфографика, жадынамалар таратылып, оқушылармен энергетикалық сусындардың зияндылығы, жан саулығы мен тән саулығы, буллинг, кибербуллинг туралы пікірлерін білу, гиподинамия, ұзақ уақыт бойы бір орында отырудың денсаулыққа кері әсері, салауатты өмір салтын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, репродуктивті денсаулық жайлы ой бөлісті, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, көзге ұқыпты қарау, көз көрудің нашарлауы, ұялы телефонды үздіксіз пайдалану, түнде қараңғы жерде кітап оқудың зияны, электронды темекі мен құрамында никотині бар бұйымдарды пайдаланбау туралы пікір алмасты.

Қыркүйек айының 18-інде "Отбасы - аялы алақан мекені" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Қыркүйек айында оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері туралы білімдерін толықтыру мақсатында 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен “Жол ережесін сақтайық” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Қыркүйек айының үшінші аптасында "Менің сыныбым Буллингке қарсы" атты челлендж ұйымдастырылды.

27 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағарту саласына қосқан үлесі, аудармашылығы, ғылыми -зерттеу еңбектері мен ұрпақ үшін жасаған келелі еңбектерін жан-жақты насихаттау, қазақ халқының аяулы перзентін ұлықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл- менің тілім " тақырыбында танымдық іс-шара болып өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы және шығармашылымен таныс болып, тақырыптық бейнероликтер көрді. Ақын мысалдарынан көріністер қойып, тіл туралы өлеңдер оқыды.Оқушылар эссе жазып, өз ойларын шыңдады.

Еңбек күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып, "Еңбек түбі - береке" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға еліміздегі еңбекқор жандардың өмірі және берекелі кәсіптері жайлы ақпарат беріліп, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылды, оқушылар кері байланыс жасап еңбек жайлы ойларын ортаға салды.

Қазан айы “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал - жас өрен” жобасы аясында “Күзгі асар” акциясын ұйымдастырумен басталды.

 «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» сайыстарының шеңберіндегі оқушыларға іс-шара өткізіліп қазақ өнері кеңінен насихатталды.

Республикалық «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаржылық сауаттылығын дамыту мақсатында «5-7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Күзгі асар" жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарының көмегімен пісірілген тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдер, бәліштер, жемістер мен көкөністер әкеліп, қолдан жасалған бұйымдарын жәрмеңкеге шығарды.

Қазан айында Мектебіміздің дәлізінде оқушыларға арналған "Komek Stop Bullying" жобасының Qr - коды орналастырылғаны айтылды. QR-кодты телефон камерасында сканерлеп, "Komek Stop Bullying" арқылы оқушы жасырын, еркін түрде буллингке байланысты өз эмоциясын,қорқынышын жеткізе алатындығы түсіндірілді

Қараша айының бірінші аптасында сыныптарда «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мектебімізде бастауыш сыныптарда 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық валюта - теңгенің рөлі мен орнын анықтауға көмектесу, қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекет рәміздерін құрметтеу.

"Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-жаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай 11-15 қараша аралығында сыныптарда "Есірткі-ғасыр дерті" тақырыбында кәмелетке жасқа толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған танымдық-тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді.

"Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп-гимназиясының тәлімгері Ә.Әлімхан және мектеп парламенті ұйымының ұйымдастыруымен «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында сахналық қойылым қойылды.

Көрініс барысында оқушыларға есірткі, алкоголь, темекі өнімдерінің зиянды жақтары, есірткі өнімдерінің адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні және оның соңы адам өліміне әкеліп соқтыратыны туралы мағлұмат берілді.

Мектеп парламенті ұйымының Дебат фракциясы «Нашақорлық – ауыр індет» тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізіп, пікірталас жүргізді.

Оқушылар «Бірінші байлық-денсаулық», денсаулықты сақтап, әрбір адам өз денсаулығына өз қолымен қиянат жасамау керек деген ойларын ортаға салды

5-7 сыныптарда 22 қараша күні «Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушыларға буллингтің алдын алу үшін не істеу керек, буллингтің баланың болашағына әсері, буллингтің белгілері мен отбасының әсері, мектептегі буллинг қайдан пайда болады деген сұрақтарға балалардың пәкәрлері тыңдалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілет пен ой - өріс ұшқырлығын дамыту, оқушылардың қоғамдық өмірге, мәдени - көпшілік шараларға белсенді қатысуына ықпал ету, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында 7 - сынып оқушылары арасында күз Ханшайымы мен Ханзадасы атты байқауы өткізілді.

Нәтижесінде 1 орынды - 7 Бсыныбы, 2 - орын 7 А сыныбы

3 - орын 7 В сыныбы иеленіп, дипломмен марапатталып, сыйлықтартаратылды.

 «Вейптерден бас тартудың себептері» профилактикалық акциясы аясында сынып сағаттары өткізілді.

"Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес дене шынықтыру пән бірлестік жетекшісі Е.Аманов және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Есірткіге жол жоқ! Біз спортты таңдаймыз!" тақырыбында отбасылық көңілді старт сайысы өтті. Сайысқа мектеп-гимназия ата-аналары мен оқушыларынан құралған төрт отбасылық команда қатысып, жүлделі І орынды Жанұзақовтар отбасы, ІІ орынды Пак отбасы, ІІІ орынды Құдайбергеновтер отбасы иеленді. "Бірлік" тобы Алғыспен марапатталды.