13 желтоқсан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ата-бабамыз жылдар бойы аңсап өткен тәуелсіздіктің оңай келмегендігін ұғындыру, желтоқсан оқиғасында қаншама қыз-жігіттер қыршын кетіп, тәуелсіздік үшін жанын бергендерін түсіндіре отырып, еліміздің болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырғандығын түсіндіру, тәуелсіз еліміздің әрі қарай өркендеуіне үлес қосу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында парламент ұйымының ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар 16 желтоқсан құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Желтоқсан оқиғасынан көріністер көрсетіліп, Отан туралы жыр шумақтары оқылып, патриоттық әндер айтылды. "Жас ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылданушы оқушыларға ту түстес көк галстуктар мен значоктар табысталды.






