Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 12-13 желтоқсан күндері оқушылардың тілін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу, Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы», «Ел аңсаған Тәуелсіздік», «Тәуелсіз елім - Қазақстан» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.






