Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Қуанышты жаңалық! 2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде "Өнер және технология" секциясы бойынша мектебіміздің мақтанышы Лигай Карина мен Алмат Альфинур жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орын иеленді!
Зерттеу тақырыбы:
Вторичное использование отходов - во благо сохранения нашей планеты.
Жоба жетекшісі - көркем еңбек және кәсіпкерлік негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Шайхсламова Сауле Курманбековна.
Бұл жетістік - шәкірттеріміздің ізденімпаздығы мен мұғаліміміздің кәсібилігінің жарқын нәтижесі! Экология мен технологияны ұштастырып, өзекті тақырыпты зерттеген оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.
Құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, үздіктер қатарында болуларыңызға тілектеспіз!