Бүгін мектебімізде
"Ұлы дала тарихы мәңгілік Қазақстан" атты тарих және құқық пән бірлестігі апталығына шақырамыз.
Апталық 9 - 13 желтоқсан аралығында өтеді.
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан тарихы мен құқыққа қатысты білімдерін кеңейту.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи оқиғалардан сабақ алу.
Ашылу салтанатында викториналық сұрақтар қойылып, үздік жауап берген оқушылар мен мұғалімдерге кішігірім сыйлар табысталды.
Сонымен қатар, апталық аясында тарихи патриоттық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар өткізіледі. Бұл шаралар оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетуге бағытталған.






