Еріктілер күні - мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Бұл күн әлем бойынша көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, игі істерге атсалысатын күн. Еріктілік - қоғамға деген шынайы қамқорлық пен жауапкершіліктің символы.
Осындай атаулы күн қарсаңында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының, "Әділдік және жауапкершілік" айы аясында Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының тәлімгері Әлімхан Әсел бастаған мектеп-гимназия оқушыларынан құралған еріктілер тобы қаламыздың тұрғыны жалғыз басты Мария әженің үйіне азық-түлік апарып, әженің үй шаруашылығына көмектесіп қайтты. Риза болған әже оқушылармен бірге ән салып, би билеп, бір сәт жастық шағын еске алып, балаша қуанып қалды. Ақ батасын беріп, қимастықпен шығарып салды.
Адамды бақытты етіп, керемет көңіл күй сыйлап, оған жақсылық жасау үшін бай кісі болудың немесе оны барлығы білетіндей етіп, әлемді төңкерудің қажеті жоқ. Жақсылық жасаған кезде ең бастысы, жақсылықты таза әрі шын жүрегіңізбен, ізгі ниетіңізбен жасауыңыз керек.
Жақсылық жасаудан жарысайық!






