Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мамандардың қолдауы маңызды. Осы мақсатта Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының арнайы мамандары мен Қызылорда қаласы бойынша №1 ПМПК-ның ұйымдастыруымен "Цифрлық инклюзия:тең орта,тең мүмкіндік" тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді.

Мектеп оқушыларынан құрылған «Шу» оркестрінің музыкалық шығармасы қатысушыларды әсем әуенімен көңіл- күйін көтерсе, "Тең орта,тең мүмкіндік" тақырыбында ұйымдастырған тренингі арқылы ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіріп, достық ортасын құрды.

Сонымен қатар, шеберлік сыныпта ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың "Ерекше бала-ерекше дана, ерекше көзқарас" тақырыбында шығармашылық жұмыстары да көрінісін тапты. Шығармашылық жұмыстарын ортаға салған оқушыларды, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетіп жүрген арнайы мамандарды да №1 ПМПК басшысы С.К Шаймерденова арнайы дипломдарымен марапаттаса, №9 мектеп-гимназиясы ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.