Н.Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп-гимназиясының тәлімгері Ә.Әлімханның ұйымдастыруымен мектеп парламенті ұйымының Дебат фракциясы «Нашақорлық - ауыр індет» тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізіп, пікірталас жүргізді.
Оқушылар «Бірінші байлық-денсаулық», денсаулықты сақтап, әрбір адам өз денсаулығына өз қолымен қиянат жасамау керек деген ойларын ортаға салды






