Қызылорда облысы әкімі мен облыстық прокуратурасының мамандарының 2024 жылғы 31 қазандағы "Нашақорлыққа жол жоқ" атты кеңейтілген отырысының шешімі және облыстық білім басқармасының бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша Н.Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп-гимназиясының тәлімгері Ә.Әлімхан және мектеп парламенті ұйымының ұйымдастыруымен «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында сахналық қойылым қойылды.

 

Көрініс барысында оқушыларға есірткі, алкоголь, темекі өнімдерінің зиянды жақтары, есірткі өнімдерінің адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні және оның соңы адам өліміне әкеліп соқтыратыны туралы мағлұмат берілді.