«Жаңа Қазақстан мүддесіне тек біліммен ғана қызмет ете аламыз!» тақырыбындағы апталықтың шығармашылық кезеңінде « Біртұтас тәрбие» бағдарламасын басшылыққа ала отырып Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы адамгершілік, жауапкершілік, қасиеттер көрінісі бойынша «Жауапкершілік-адамгершіліктің негізі» тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді.
Сайыс келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуыннэ, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілді.
Сайысқа 3 сыныптар бойынша 6 отбасы үш кезең бойынша қатысты:
1 - кезең «Менің отбасым»
Әр отбасы видеоролик арқылы таныстырылым жасады.
2- кезең «Жауапкершілік-адамгершіліктің негізі»
"Менің атым Қожа" фильмі үзінділерін көру арқылы қазіргі заманауи көзқарастарын білдіру.
3- кезең «Жағымды және жағымсыз» қасиеттер бойынша постер қорғау
Сайыс барысында әрбір қатысушылар, «Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта» екенін , баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екенін көрсете білді .
Сайыс соңында қатысушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.






