"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған барлық оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Технология және өнер секциясы бойынша І орын иегерлері Лигай Карина мен Алмат Альфинур - бұл сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен шығармашылық қабілеттеріңіздің нәтижесі! Жетекшісі Шайхсламова Сауле Құрманбекқызына ерекше алғыс білдіреміз.
Медицина, психология, экология секциясы бойынша ІІІ орын иегерлері Нефедова Мирослава мен Даниярқызы Інжу - сіздер ғылымға деген құлшыныстарыңызбен ерекшелендіңіздер. Жетекшісі Садықова Тәжігүл Мұратбекқызына алғыс айтамыз.
Математика және қолданбалы математика секциясы бойынша ІІІ орын иегері Альжанбаев Алдияр - сіздің зерттеушілік қабілетіңіз жоғары бағаланды. Жетекшісі Альжанбаева Анастасия Николаевнаға алғыс білдіреміз.
Химия, биология секциясы бойынша ІІІ орын иегері Зарипова Дильноза - ғылым жолындағы алғашқы жетістігіңіз құтты болсын! Жетекшісі Сүйіндікова Сағыныш Максимқызына алғысымыз шексіз.
Орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Алғыс хат иегері Шакизада Дана - сіздің еңбегіңіз де мақтауға лайық! Жетекшісі Алтынбекова Гүлзат Алтынбекқызына алғыс айтамыз.
Сіздердің жеңістеріңіз - тек өздеріңіз үшін ғана емес, мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! Алдағы уақытта да білім жолындағы белестеріңіз биік болсын!







