9 мектеп - гимназиясында 5 сынып оқушылары арасында ата - аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту. Баланың, педагог пен ата - ана арасындағы көпірді нығайту. Мұғалімнің жұмысына қолдау көрсете білген ата - аналар бірігіп тренингке қатысты. Көрген - білгенімен, көңілге түйгенімен ой бөлісті. Үштік одақтың мүшелері - ата - аналар ,білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.