Қызылорда облысы әкімі мен облыстық прокуратурасының мамандарының 2024 жылғы 31 қазандағы "Нашақорлыққа жол жоқ" атты кеңейтілген отырысының шешімі және облыстық білім басқармасының бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша Н.Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция " аясында атқарылатын іс-жаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай 11-15 қараша аралығында сыныптарда "Есірткі-ғасыр дерті" тақырыбында кәмелетке жасқа толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған танымдық-тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді.






