ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
«Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде» Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 қараша күні «Сыр лигасы» сайысы аясында өткізілген облыстық «Ана тілі аруы» байқауының қалалық кезеңіне қатысқан 30 мектеп арасынан «Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының» тәлімгері Әлімхан Әселдің жетекшілігімен 10 «Ә» сынып оқушысы Ерболат Жанерке жүлделі екінші орын иеленіп, қалалық білім бөлімінің басшысы Ж. Садвакасованың атынан ДИПЛОМмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!







