ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
2024 ж. 1 қараша күні "Рақымжан Әліарыстанұлы" атындағы жеке мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Айта кетейік, олимпиада жылына бір рет, ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік және "Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі" білім беру орталықтарының ұйымдастыруымен үш кезең бойынша өткізіледі.
Аталған олимпиадаға Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

Жонеубаева Жанат - ІІ дәрежелі Диплом
Мирко Александра - ІІІ дәрежелі Диплом
Садыкова Тажигуль - ерекше жетістігі үшін Грамота
Қалдыбекқызы Айгерим - ерекше жетістігі үшін Грамота
Омарбекова Айнұр - қатысқаны үшін сертификат
Қоспанова Жанат - қатысқаны үшін сертификат
Абсадыкова Айгүл - қатысқаны үшін сертификат.
Олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!