23 қазан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобының 6-7 сынып оқушыларымен "Қауіпті ақпарат көздерінен қорғану: медиагигиена мәселесі" тақырыбында кездесуі өтті. Кездесу барысында ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Долиев Жапал Әмзебекұлы оқушылармен пікір алмасты, сұрақтарына жауап беріп, медиагигиена жөнінде толық мәлімет берді.






