"Бала тәрбиесі - баршаға ортақ"

2024 жылы 11 қазан күні №9 мектеп-гимназиясында «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп-гимназия директоры Б. Абиев ата-аналарға олардың бала тәрбиесіндегі алар орны маңызды екендігін, жиналыстың мақсаты мен ағымдағы мәселелерді түсіндіріп өтті.
Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Асылжан Оңдасынұлы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік желінің қауіпті тұстары, балалардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау, кибербуллинг пен буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция капитаны Балнұр Нұрқанатқызы ата-аналарға балаларының құқық бұзушылық жасамауын, беймезгіл уақытта көшеде, тыйым салынған орындарда жүрмеуін қадағалап отыруды қатаң ескертті.
ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция майоры Н. Осипов ата-аналарға балаларын үнемі бақылауда ұстауын, мектепке тыйым салынған заттарды әкелмеуін қадағалауын тапсырды.