2024 жылы 11 қазан күні №9 мектеп-гимназиясында "Бала тәрбиесі-баршаға ортақ" тақырыбында мектепішілік оқушылар жиналысы өткізілді.
Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Асылжан Оңдасынұлы оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік желінің қауіпті тұстары, зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау, кибербуллинг пен буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция капитаны Балнұр Нұрқанатқызы оқушыларға құқық бұзушылық жасамауын, беймезгіл уақытта көшеде, тиым салынған орындарда жалғыз жүрмеуін қатаң ескертті. Жасалған құқық бұзушылықтың нәтижесінде қандай келеңсіз жағдайларға әкеліп соғатынын түсіндіре отырып, арнайы дайындалған видеороликтер көрсетілді.
ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция майоры Н.Осипов оқушылардың мектепке тиым салынған заттарды әкелмеуін тапсырды.







