Облыстық білім бөлімінің бастамасы бойынша Қызылорда қаласы Нағи Ильясов атындағы №9мектеп-гимназиясында 2024 жылы 1-сыныпқа қабылданған балалардың сынып жетекшілері мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен бірлесе отырып кездесу ұйымдастырылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» сөзін басшылыққа ала отырып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмаганбетова Г.К. және 1-сынып жетекшілері,даярлық тобы тәрбиешілері "Жаңа Қазақстанның жаңа тұлғасын бірге жасаймыз!"тақырыбында ұйымдастырған кездесудің басты мақсаты бүлдіршіндерге білім мен тәрбие саласында мектеп пен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту,тәжірибе алмасу, тиімді әрекеттермен ортақ мақсатқа қол жеткізу.Кездесуде қонақтар мен ұстаздар кофе брейк форматында танысты. Топтық жұмыс арқылы бала бақша мен мектеп даярлық топтарындағы балалардың қабілеттері жайында постер қорғалып,презентация жасалды. №14"Самал" балабақшасынан тәрбиеші Уралбаева Маржан,№4"Қуаныш" бала бақшасынан тәрбиеші Баданова Жанар өз тәжиребилерімен бөлісіп, баланың шығармашылдығын дамытудағы ортақ мәселлер бойынша пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар "Тілек шамы" тренингі арқылы алған әсерлері жайлы бөлісті.







