#9mektep

#bilimkzo

Құрметті ұстаздар!🌹🌹🌹

Қымбатты оқушылар, қадірлі ата - аналар!

🔰Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын!

Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін еліміздегі барлық білім беру мекемелері білім нәрін алам деген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.

🔰Санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген өрендерді тәрбиелеу жолында біздің мектеп-гимназия ұжымы да қажырлы еңбек етуде.

Барша әріптестерімді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге ерекше мерекеде мықты денсаулық , жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденістер тілеймін!

Ал оқушыларымызға жақсы оқуға, еліміздің пайымды, парасатты азаматтары болып қалыптасуына тілектеспін!

Мереке құтты болсын!

🔰Құрметпен Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназия директоры Абиев Батырбек Алтынбаевич