#9mektep #bilimkzo Нағи Ильясов атындағы N:9 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 30- қыркүйек күні "Дублер күні" өткізіледі. "Дублер күнінің" мақсаты- мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. "Дублер күнінің" ережесіне сәйкес жұмыстар атқарылып, мектеп қызметкерлерінің дублерлеріне үміткерлер іріктелді. Дублерлерді таныстыру шарасы өткізіліп, дублер- білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағыт- бағдар берілді.