🔰Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы
биыл "Менің таңдауым - балаларға көмек" ұранымен жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр.
✅Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету.
♻️Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорттық киімдер мен мектепке қажетті оқу құралдары табыс етіледі.
✨Осыған орай жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында
"Мектепке жол " Республикалық акциясына
1️⃣тамыз - 3️⃣0️⃣қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз!