#9mektep

#bilimkzo

Өйткені "ғалым да, шахтер де бас иетін.." деп келетін өлең жолындағыдай барлық адамзат осы ұстаздың алдынан өсіп- өнеді. Мектебіміздің директоры Батырбек Алтынбекович ширек ғасыр білім саласында еңбек етіп, қаншама түлекті қанаттандырды. Бүгінде еңбегі еленіп, абыройы тасып отырған ұлағатты ұстаз. Кешегі күндері облысымызда өткен қосымша білім беру педагогтарының сьезінің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.

Осы шараға белсене атсалысқаны үшін Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы А.Б. Қасымованың Алғыс хатымен марапатталды. Құрметті Батырбек Алтынбекович! Ұжымның атынан, Сзге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге шығармашылық табыстар тілейміз!