✅Комиссия мүшелері 03.04.2025 жылы мектеп - гимназиясында асхана жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау мақсатында, бракераждық комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмысына жан-жақты талдау жүргізілді.
Комиссия мүшелері төмендегідей талаптар бойынша зерделеді:
- ас блогындағы, асхана жұмысының ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, сақтау шарттарын;
- өнімдердің жарамдылық мерзімдерін;
- тамақ дайындау сапасын;
-тамақтың, балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауына тексеріс жүргізді.
Сонымен қатар комиссия мүшелері асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталғанына, азық - түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі, бекітілген ас мәзір бойынша дайын ас нормасы талапқа сай екендігіне көз жеткізді.