«Junior Skills – 2025» республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Темірханқызы Алуа жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен еңбегінің, жетекшісі Шайхсламова Сауле апайдың кәсіби қолдауы мен қажырлы еңбегінің жарқын жемісі. Білімге деген ынтасы мен шығармашылығының арқасында өз қатарларының арасынан суырылып шығып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан Алуаны шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісіне зор алғыс білдіреміз! Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағының негізі. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!