22–23 қазан күндері өткен "Зерде" зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі — жас ізденушілердің шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлауын және зерттеушілік қызығушылығын дамытуға бағытталған маңызды білім сайысы болды.

Осы байқауда мектебіміздің жас зерттеушілері мен олардың жетекшілері жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті!

І орын: "Физика" секциясы — Балмағанбет Ерназар (4-сынып)
Жетекшісі: Байжігітова Айгүл Есенқызы

ІІ орын: "Математика" секциясы — Ерболат Жанайым (5-сынып)
Жетекшісі: Ажибекова Гулмира Умирзаховна

"Өлкетану" секциясы — Жақсылық Элиза (7-сынып)
Жетекшісі: Оспанова Амина Өмірбековна

"Орыс тілі мен әдебиеті" секциясы — Шакизада Дана (6-сынып)
Жетекшісі: Алтынбекова Гүлзат Алтынбековна

ІІІ орын: "Қазақ тілі мен әдебиеті" секциясы — Әлімбетова Ақниет және Жақсылық Айжұлдыз (6-сынып)
Жетекшісі: Палмағанбетова Гүлшат Кенжетаевна

"Химия, биология" секциясы — Жұмабек Сырым (2-сынып)
Жетекшісі: Жамиева Айгүл

"Информатика" секциясы — Ахметова Адлия (3-сынып)
Жетекшісі: Сатбаева Ақерке

Алғыс хат иегерлері:

"Орыс тілі мен әдебиеті" секциясы — Бабас Алан (3-сынып)
Жетекшісі: Шамиева Робиям Абдусалимовна

"Математика" секциясы — Әльжанбаев Алдияр (4-сынып)
Жетекшісі: Әльжанбаева Анастасия Николаевна

Құрметті ұстаздар мен жас зерттеушілер!

Бұл жетістік — ең алдымен білімге деген ынта мен еңбектің, ұстаз бен шәкірттің бірлескен табандылығының нәтижесі.

Мектеп ұжымы сіздермен мақтанады!

Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестерге жете беріңіздер!

Білім мен ғылым жолындағы ізденістеріңіз сәтті болсын!