Жеңіс құтты болсын!
Республикалық "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінде 10-сыныптар арасында мектебіміздің мақтанышы Сапаралиев Мейіржан оқ бойы оза шығып, I орын иеленді!
Жетекшісі:Ажибекова Гүлмира
Бұл жеңіс – табанды еңбектің, білімге деген құштарлықтың және ұлағатты ұстаздың еңбегінің нәтижесі!
Мектеп-гимназиямыздың директоры Бекзат Сағындықұлы жас дарынды жеңісімен құттықтап, алдағы сайыстарда да биіктен көрінуге тілектестігін білдірді.
Мейіржанға тек сәттілік тілейміз! Сенің алар асуларың әлі алда!