"Білім шыңы – шығармашыл ұстаздар" сайысы өз мәресіне жетті!
Бүгін Н.Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында академиялық ғылыми дәрежесі бар педагогтердің арасында "Білім шыңы – шығармашыл ұстаздар" сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл сайыс мектебімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан "Үздіктен үйрен" жобасының аясындағы жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты:
Ғылыми дәрежесі бар педагогтердің кәсіби тәжірибесін тарату және олардың шеберлігін насихаттау;
Инновациялық идеялар мен заманауи әдістемелерді анықтау және бөлісу;
Оқу - тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында ғылыми ізденіс пен шығармашылық бастамаларды қолдау;
Ұстаздар арасындағы ынтымақтастық пен бәсекелестік рухын дамыту, үздік педагогикалық тәжірибелерді қоғамда таныту.
Сайысты 11 - сынып оқушысы Шарапхан Мағжан "Ұстаз" әнімен ашып, ерекше әсер сыйлады. Алғашқы құттықтау сөз мектеп - гимназиямыздың директоры Бекзат Сағындықұлына берілді.
Барлық кезеңдерді әділ - қазылар алқасы әділ бағалау критерийлеріне сай саралап, үздіктерді анықтады.
Сайыс жеңімпаздары:
Бас жүлде – Төлеу Нұргүл, математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі;
I орын – Жұмаділда Гүлжазира, ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі;
II орын – Ғани Гүлім, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі;
II орын – Әзімбай Нұрай, физика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі;
III орын – Жаңатайұлы Манас, логопед маман, ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагог, педагогика ғылымдарының магистрі;
ІII орын – Ахметулла Нұрқанат, педагог - ассистент, география пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі.
Сайысқа қатысушылар жүлделі дипломдармен марапатталып, кәсіподақ комитеті ұсынған естелік сыйлықтарға ие болды.
Бүгінгі шара – ұстаздардың шығармашылығы мен біліктілігінің биік белесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыру жолында тың идеяларымен бөлісті.
Ғылыми әлеуеті жоғары, жаңашылдыққа жаны құштар педагогтеріміздің еңбегіне табыс тілейміз! Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жана берсін!