Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия оқушыларына терроризм қаупінің алдын алу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жадынамасы бойынша күдікті заттарды тапқан жағдайда оларды өз бетінше ашпау, жылжытпау, жақын жерде ұялы телефон қолданбау, бөгде адамдар мен көліктердің мектеп аумағында жүруіне мұқият назар аудару, ғимаратқа әкелінетін қораптар мен жүктердің тасымалдануына сақтықпен қарау, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу, олардың өтініштеріне сақ болу жөнінде ақпарат берілді.






