STOP Вандал Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында "Заң және тәртіп" идеологиясые орындау жөніндегі кешенді жоспарды қалыптастыруға арналған мектепішілік жоспарына сәйкес ортақ мүлікті құрметтеуге, жауапкершілікке, тазалыққа баулу мақсатында "STOP Вандал!" тақырыбында 5 - 7 сынып оқушыларына ақпараттар беріліп, сынып сағаттары өткізілді. Мәдени - тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептелетіні туралы түсіндірілді.






