Жолда жүрсең, абай бол! Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп гимназиясында ақпан айында "Заң және тәртіп" идеологиясын орындау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларына "Жолда жүрсең, абай бол!" тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға жол қауіпсіздігі, жолдағы белгілер туралы, туралы мағлұмат беру, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.






