40 жылдан астам тарихы бар қазақтың дархан даласында мәңгілік білім шамын жаққан Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы – саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңдайы жарқыраған еңселі білім ордасы 1500 - ден астам шәкіртке алтын ұя болған бұл киелі шаңырақ – талай таланттың қанатын қатайтып, биікке самғатты. Қазіргі таңда Ибраев Бекзат Сағындықұлы басқарып отырған білім ордасында 173 педагог еңбек етеді, оның ішінде 168-і жоғары білімді ұстаздар, 16 - сы педагогика ғылымдарының магистрі, 1 филология ғылымдарының кандидаты, 2 педагог-шебер, 33 педагог-зерттеуші, 46 педагог-сарапшы, 44 педагог - модератор санатына ие. Әр ұстаздың өзіндік даму жоспары мен зерттеу тақырыбы бар. Бекзат Сағындықұлы ұстаздардың үнемі ізденіс пен жаңашылдықты жандандырып отыруын, шәкірттердің сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, ата - аналарға унемі қолдау білдіріп отыр. Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін бұл мектепте 373 - тен аса өзге ұлт өкілдері білім алуда. Бұл – білімнің шекарасыз, ілімнің ұлтқа бөлінбейтінінің дәлелі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қолайлы жағдай жасалған. Дефектолог, логопед мамандары, педагог-ассистенттер әрбір балаға үздіксіз қолдау көрсетуде. Әрбір оқу жылы бойынша Алтын белгіге, Үздік аттестатқа бітіруші түлектеріміздің саны жыл сайын артып келеді. Білім мен ғылым, өнер мен спорт – мектебіміздің басты ұстанымдары. Биылғы оқу жылында: 30 оқушымыз қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларда жеңіс тұғырынан көрінді. 10 - нан астам шәкіртіміз ғылыми жобалар мен байқаулардан, Бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» республикалық ХХ конкурсының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі орындар иеленді. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде де ұстаздарымыз жеңімпаз атанды. Қалалық, облыстық деңгейдегі спорт жарыстарында мектебіміздің намысын қорғаған спортшыларымыз жеңіс биігінен көрінді. Педагогтарымыз кәсіби байқауларда дараланып, өз біліктілігін тағы да дәлелдеді Мектеп-гимназиямызда биылғы оқу жылында «Бастауыш сынып оқушыларының ынтасы мен табысындағы бағалаудың рөлі » тақырыбында қалалық семинар, «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында «Ата Заңым - айбыным» тақырыбында қала мектептері оқушыларының арасындағы дебат турнирі, «Үздік мектеп Парламенті» қалалық көшбасшылар сайысы, Нағи Ильясовтың 104 жылдығына арналған Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің арасында қалалық волейбол сайысы және мектепішілік түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Ата - аналар педагогикалық қолдау орталығы, мектеп парламенті, «Ұшқыр ой» дебат клубы, балалар кітапханасы жұмыс жасауда. Құрметті ата - аналар! Егер балаңызға сапалы білім, саналы тәрбие, жарқын болашақ сыйлағыңыз келсе, Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы сіздерді құшақ жая қарсы алады! Болашаққа бірге қадам басайық!