2025 жылғы 5 желтоқсанда Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының Парламент өзін өзі басқару ұйымының Қамқорлық фракциясының жетекшісі, 10 «Ә» сынып оқушысы Шарапхан Айзере фракция мүшелерімен бірге сыныптасы Абзалқызы Ақнұрдың жағдайын біліп, оған моральдық қолдау көрсету мақсатында арнайы барып, жылы лебізін білдірді.

Айзере мен фракция мүшелері өздерімен бірге тәттілер апарып, сыныптасына қуаныш сыйлады, көңілін көтеруге тырысты. Олардың бұл іс-әрекеті – қиын сәтте бір-біріне жанашырлық таныту мен мейірімділік көрсетудің жарқын үлгісі болып табылады.

Қиындыққа душар болған адамдарға қолдау көрсету – үлкен адамгершілік қасиет. Мұндай игі қадамдар тек сыныптастар арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, мектеп қауымына жылулық пен жағымды эмоция таратудың маңызды жолы болып табылады.

Шарапхан Айзере мен фракция мүшелерінің бастамасы – мектеп-гимназия оқушыларына үлгі боларлық әрекет, қоғамға пайдалы қадам және мейірімділікке, жанашырлыққа шақыратын іс-әрекет. Мұндай істер әрдайым айналамызға жылы көңіл мен позитив сыйлайды.