Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатқа деген жанашырлықты күшейту, оқушыларды экологиялық жауапкершілікке шақыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларды қолдау болды. Шара барысында қатысушыларға экологиялық ахуал жайлы ақпарат беріліп, қоршаған ортаны ластау салдары мен табиғатты тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Сонымен қатар сенбілік ұйымдастырылып, жиналғандар мектеп ауласын қоқыстан тазарту, құстарға және жануарларға жанашырлық таныту жұмыстарына белсене атсалысты. Фракция өкілдері табиғатты қорғау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Олар экологиялық мәдениет қалыптастыруда осындай игі бастамалардың оқушылар үшін маңызы зор екенін баса айттылды. Іс-шараға қатысқан оқушылар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатындығын және экология фракциясының жұмыстарын қолдайтындарын жеткізді.