Сыр өңірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының тәрбиесі мен болмысын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Сыр лигасы аясындағы “Ана тілі аруы – 2025” байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Аталған байқауда Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы Жарылқап Жанерке ерекше талантын, сұлу сөз өнерін, көркем сөйлеу мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Жанерке байқаудың бірнеше кезеңінен сүрінбей өтіп, өзінің білімі мен өнерін жан-жақты танытты: – Таныстыру кезеңінде өзіндік стилімен ерекшеленіп, қазылардың назарын аудартты; – Сұрақ-жауап бөлімінде ана тілі, тәрбие, ұлттық болмысқа қатысты терең мазмұнды жауаптар берді; – Шығармашылық бөлімде қазақ қыздарының мәдениетін айшықтайтын өнерін көрсетті.

Осылайша, Жарылқап Жанерке “Ана тілі аруы – 2025” байқауының қалалық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленіп, мектеп-гимназия мерейін үстем етті.

Бұл — оқушының ізденісі мен еңбегінің, мектеп-гимназия ұжымының қолдауы мен бағыт-бағдарының жемісі.

Жарылқап Жанеркеге алдағы сайыстарда да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!