.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Ұлттық сәрсенбі» жобасы аясында «Ұлттық ою-өрнек-ұлттың мәдени коды» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мұрасы саналатын ою-өрнектердің түрлерімен танысып, олардың мағынасы мен қолдану ерекшеліктерін түсіндірді. Қолөнерге қызығушылық танытқан оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, ұлттық нақыштағы туындыларын көрсетті. Бұл шара-өскелең ұрпақтың ұлттық рухын оятып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған. «Өнер – халық қазынасы» дегендей, мұндай шаралар жас ұрпақты өз мәдениетін сүюге және құрметтеуге тәрбиелейді.