Қазақстан халқы тілдер мерекесі қарсаңында – "Тіл-қазына" зияткерлік сайысы Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназияда 9–11 сынып оқушылары арасында "Тіл-қазына" атты зияткерлік сайыс өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, көпұлтты еліміздің тіл байлығын дәріптеу, білімдерін шыңдау. Оқушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдерін сынға салып, мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен ой-өрістерін көрсетті. Бұл сайыс жастардың сөз өнерін қадірлеуіне, тілге деген сүйіспеншілігін арттыруына үлкен ықпал етті.