Бүгінгі мереке – халқымыздың бірлігін, татулығын, мәдениет пен рухани байлығын дәріптейтін айшықты күн. 
Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында әртүрлі ұлт өкілдері: қазақ, орыс, кәріс, қырғыз, өзбек, чечен, серб, лайки, украин, түрік, әзербайжан оқушылары бір шаңырақ астында білім алып, достық пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп келеді.
Әр тіл – халықтың жүрегі, тарихы мен болашағы. Сондықтан біз үшін әр оқушының ана тілін құрметтеп, өзге тілдерді меңгеруіне жағдай жасау – басты міндет.
Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері мерекесімен құттықтаймыз!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!