Құрметті әріптестер!
Сіздерді Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы атынан Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата Заңымыз – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын, құқықтық және демократиялық мемлекетіміздің берік негізі. Бұл күн – халқымыздың еркіндігі мен бірлігінің, бейбіт өмірге деген ұмтылысының нышаны.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еліміздің егемендігі нығая берсін, әрқашан бейбітшілік пен бірлік үстем болсын!
Ізгі ниетпен,
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының Парламент ұйымы!