2025 жылдың 21 ақпан күні 39 Қызылөзек орта мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларының арасында қалалық пікірсайыс(дебат) турнирі болып өтті. Дебат -озықтардың ойыны.Дебат- нақты құрымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзара мәселелері бойынша пікір талас. Пікірсайыс турниріне 15 фракция қатысып, шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша «Н.Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясының» «Алаш аманаттары» фракциясы қатысып Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жетекшілік еткен мектеп – гимназиясының тәлімгері Әлімхан Әсел. Қатысқан мектеп парламент мүшелері:
Ерболат Жанерке
Айдос Алибек
Төремұрат Алтынбек
Үздік ойын көрсеткендері үшін оқушыларды құттықтаймыз!






