Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 3 наурыз күні Қызылорда облыстық "Сыр лигасы" жобасы аясында "Ана тілі аруы-2025" байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Сайысқа 8-10 сынып оқушылары арасынан 12 қыз қатысты. 4 бөлімнен тұратын сайыста қатысушылар, ана тілінде сөйлесіп, сәлемдесу, таныстыру айтып, монолог оқыды, өз өнерлерін ортаға салып, өздерін жан-жақты көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1. Жарылқап Жансая 9 «Д» сынып оқушысы – бас жүлде иегері
2. Ермағамбет Ақдидар 10 «Ә» сынып оқушысы – 1 орын иегері
3. Акимбекова Аяжан 9 «Б» сынып оқушысы – 2 орын игері
4. Қожахмет Шаттық 9 «А» сынып оқушысы – 3 орын иегері атанды.






