25 ақпан күні Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп - гимназиясында Қалалық Білім Бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 9 - 11 сынып оқушыларының арасында қалалық "Үздік мектеп парламенті" көшбасшылар сайысы болып өтті. Сайысқа 21 команда қатысып, шығармашылықтары мен өз өнерлерін, көшбасшылық қабілеттерін көрсетіп, сынға түсті.Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды 3 IT мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған Парламент ұйымы иеленді, жетекшісі Ниязова Райса Ондалиевна. Аталған сайыста мектеп-гимназиясыздың көшбасшылары да бақ сынасып, 3 орын иеленді. Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтаймыз!






