Білім мен шығармашылық – нағыз ұстаздың қанат бітіруші қос серігі. Осындай қасиеттерімен ерекшеленген мектеп-гимназиямыздың жас маманы, математика пәнінің мұғалімі *Сүлейменқызы Аружан* "Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз" байқауының қалалық кезеңінде өз білімін, кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді! Бұл сайысқа қаламыздың әртүрлі білім беру ұйымдарынан *45 жас педагог* қатысып, өздерінің білімі мен тәжірибесін ортаға салды. Жас мамандардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін шыңдау, инновациялық идеяларын қолдау – осы байқаудың басты мақсаты еді. Аружан ұстазымыз дәл осы мақсаттарға сай өз еңбегімен дараланып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатты. Кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденіс – жеңістің кілті! Жеңіс – тек бастамасы, алда алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Сізді кәсіби жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Математика, информатика және физика бірлестігінің мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сардарбекова Гулнар Бакитовна Сүлейменқызы Аружанды зор қуанышпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады. Бұл қуаныш – тек жас ұстазымыздың ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының ортақ жетістігі! Ұстаздың жеңісі – мектептің мерейі! Қуаныш бөліссе – еселенеді. Біз жас ұстазымыздың алғашқы жетістігіне ерекше қуанамыз және болашақта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз! Ұстаздық жолыңыз сәтті, шәкірттеріңіз талапты, еңбегіңіз жемісті болсын!