Күзгі демалыс кезінде Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, өздеріне қызықты ертегі кітаптар алып оқыды.

Бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қиялын дамытуға, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды. Балалар демалыс уақытын тиімді өткізіп, әртүрлі халық ертегілері мен қазақ жазушыларының шығармаларын оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Олардың кітап оқуға деген ынтасы мен белсенділігі көрініп, кітапхана мен мектеп арасындағы байланыс нығая түсті. Мұндай бастама оқушылардың тіл байлығын дамытып ой-өрісін кеңейтуге үлкен әсер етеді. Алдағы уақытта да кітап оқу дәстүрі жалғасын таба бермек.