Нағи Ильясов атындағы мектеп-гимназиясының 10 “Ә” сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Тақырыбы: «Мектеп пен ата-ана-баланың болашағы үшін бірлікте»
Жиналыс барысында сынып жетекшісі Жүсіпбекова Айгүл Бағланқызы оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, оқушылардың үлгерімі мен сабаққа жауапкершілікпен қарау мәселелерін баяндады. Сондай-ақ мектептің ішкі тәртібі, оқушы мәдениеті, сабаққа қатысуы және мектеп талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берді.
Мектеп психологтары Аймағанбетова Гүлбада мен Исаева Гүлжанат ата-аналарға жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлық өзгерістері, эмоционалдық қолдау көрсету жолдары және баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың тиімді тәсілдері туралы маңызды кеңестер ұсынып, түрлі тренингтер өткізді.
Директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары Сүйіндікова Сағыныш оқу бағыттары, бейіндік пәндер, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық таңдауына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар, ҰБТ-ға дайындық барысы және оқушылардың оқу жауапкершілігін арттыру мәселелерін түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында сынып жетекшісі ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу-оқушының табысты болашағына бастайтын ең маңызды қадам екенін атап, қолдау көрсеткен барлық ата-анаға алғысын білдірді.